Әлеуметтік желіде оқырмандар Айсәуле Бақытбекті құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.
Журналист, блогер Айсәуле Бақытбек үшінші баласына жүкті екенін айтты. Қуанышты жаңалықты ол желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“1+1=5”, – деп жазба қалдырып, өзінің видеосын жариялады ол.
Әлеуметтік желіде оқырмандар Айсәуле Бақытбекті құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.
“Баян Мақсатқызы білсе шок болатын болды”, “Жас кезде босанып алу керек, дұрыс, жарайсыз”, “Ақылды аналарда бала болу керек”, “Құттықтаймыз, аман-есен босанып алыңыз”, “Қандай күшті жаңалық”, “Әулеттеріңіз өсе берсін”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, танымал блогер, актриса Айсәуле Бақытбек күйеуі Әлішердің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті.