Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев отандық газ өндірісі саласында жаңа зауыттардың іске қосылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2026 – 2030 жылдар аралығында кезең-кезеңімен 4 газ өңдеу зауытын іске қосылады. Атап айтқанда, Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд текше метр Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд текше метр. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн текше метр газ өңдеу зауыты салынбақ», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Қашаған кен орнының шикізаты негізінде газ өңдеу зауыттарын салу үшін Қатарлық инвестор – UCC Holding тартылған. Қазір «QazaqGaz» бен «UCC Holding» компаниясы осы жобаларды іске асырудың соңғы шарттарын келісіп жатыр.
«Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасы оператордың қаражаты есебінен іске асырылатын болады. Биыл ақпанда EPC тендеріне қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін бағалау жүріп жатыр», - дейді ведомство басшысы.