$ 480.55  533.75  5.36

Танымал ұстаз орамал таққан сексологтарға ашуланып үндеу жолдады

Бұттан басқа айтарларың қалмады ма?

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Көпшілікке өзінің өткір насихатымен танымал Жарқын Мырзатай әлеуметтік желіде белсенді сексологтарға үндеу жолдады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейбір орамал таққан, миы жоқ қыздарға! Қатты айтты деп ренжімеңіздер. Сендер неге әлеуметтік желіге шығып алып тек қана төсек жайлы ақыл айтатын болғансыңдар? Басқа істейтін тірліктерің қалмады ма? - деп ашуланған Жарқын ұстаз өздерін «сексолог» дейтін хиджабтағы қыз-келіншектерді сынға алды.

«Бұттан басқа айтарларың қалмады ма? Ауыздарың бұттан бетер болған сендердің» деген Жарқын ұстаз сондай «сексолог» қыздардың ата-аналары мен ағаларына «қыздарыңызға бас-көз болыңыздар» деп ашулана ескерту жасады.

Айта кетейік, қазір Жарқын Мырзатай имам емес және ҚМДБ-ға қарамайды. Ол қажылық фирмада гид қызметін атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары