16.07.2024, 15:40

«Субұрқақта ақау жоқ»: Саясат Нұрбек Алматыдағы жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдірді

Фото: facebook.com/sayasat

Алматы қаласының Бостандық аудандық Полиция басқармасы қарап жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласында субұрқақ маңында болған жас жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сот-медициналық сараптамасының ресми қорытындысын күтіп отырмыз. Бұны Алматы қаласының Бостандық аудандық Полиция басқармасы қарап жатыр. Біз бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, сараптама нәтижесін күтуге мәжбүрміз, ресми түрде ақпарат береміз, - деп жауап берді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Техникалық жағынан тағы да тексердік, субұрқақтан ақау жоқ. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін тиісті шешім қабылданады, - дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, биыл 19 маусымда Алматыда Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында жас жігіт қайтыс болды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.