$ 478.93  534.96  5.16

«Арамызда бәсеке бар»: Бақтияр Артаев Головкинмен қарым-қатынасы туралы айтты

Гауһар тас судың астында жатса да, ерте ме, кеш пе оны бәрібір біреу көтереді.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Ер  азаматтар арасында бәсеке болмаса, өспейді. Бұл туралы белгілі спортшы Бақтияр Артаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама жүргізушісі оған «Гена сізді бәсекелес көре ме?» деп сұрақ қойған.

«Гена екеуміздің арамызда бәсеке бар. Бала кезден бірге өскеннен кейін ой-өрісіміз, сөйлеуіміз, жүрісіміз, мәдениетіміз, түсінігіміз бірдей болды. Бәсекенің арқасында екеуміз осындай деңгейге жеттік. Қазір ол Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып отыр. Біраз уақыт өткенде біздің кім болатынымызды бір Алла біледі. Гауһар тас судың астында жатса да, ерте ме, кеш пе оны бәрібір біреу көтереді. Біраз дүние өз орнына келеді, өзгереді деген ойдамын. Бәсеке әлі біткен жоқ. Менің ойымша, бәсеке болмаса ер азамат өспейді», – деді ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары