16.07.2024, 17:00

Тұңғыш президенттің қызы түрмеде жазасын қалай өтеп жүр

Фото: Pixabay

Оның жазасын өтеу мерзімі 2033 жылы аяқталады. Оған қастандық, бопсалау, жымқыру және тонау қылмыстарын жасады деп айып тағылған.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың қазіргі жағдайы туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Rus.ozodlik басылымының жазуынша, Гүлнара Каримованың түрмедегі жағдайы туралы Зәңгі-ата ауданындағы №21 колония қызметкері басылымға  сұхбат берген.

«Мекеме басшылары Гүлнара Каримованың мінез-құлқы мен басқа тұтқындарға қатысты арандатушылықтары туралы жоғары басшылыққа бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болды», – деді мекеме өкілі.

Еске салсақ, 2015 жылы 18 желтоқсанда Гүлнара Каримованы Ташкент қалалық соты – 10 жылға, ал 2020 жылы 18 наурызда жаңа қылмыстық іс шеңберінде 13 жылға бас бостандығынан айырды. Оның жазасын өтеу мерзімі 2033 жылы аяқталады. Оған қастандық, бопсалау, жымқыру және тонау қылмыстарын жасады деп айып тағылған.

Ал 2023 жылдың күзінде Гүлнара Каримованың үй қамағына алынғаны туралы бейресми ақпарат пайда болған еді. Мұндай деректің тарауына қызы Иманның Ұлыбританиядан Өзбекстанға жиі келуі себеп болды.