$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде оқушы қыздар арасындағы жанжалдан соң әкімшілік іс қозғалды

Бейнематериалдан бір қыздың екінші бір қызды ішінен, жамбасынан тепкілеп, балағаттап жатқанын көруге болады.  

Фото: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz

Ақтөбе қаласында оқушы қыздың замандасына әлімжеттік жасап тұрған сәті видеоға түсіп қалып, кейін ол әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Полиция оқушылардың жеке басын анықтап, әкімшілік іс қозғалды, деп жазады Skifnews.kz aқпарат порталы.

Оқиға 10-шілде күні Ақтөбе қаласының орталығында болған. Бейнематериалдан бір қыздың екінші бір қызды ішінен, жамбасынан тепкілеп, балағаттап жатқанын көруге болады, деп жазады kaz.inform.kz.

Полиция оқиғаға қатысы бар қыздардың кім екенін анықтады.

Жанжалға қатысқандар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 345-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қыз да, оның анасы да кінәсін толық мойындады. Іс сотқа жіберіледі. Сонымен бірге қыздар оқитын мектеп директоры мен оның орынбасары шақыртылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық қайталанбас үшін екі арадағы жанжал себебі жойылуы тиіс, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары