$ 495.2  522.34  4.94

«Жәрдемақы алмадық»: Семейдегі орман өртінен қаза тапқан жігіттің анасы жанайқайын жеткізді

Қаза тапқан адамның отбасында мүгедек болса, сонымен қатар зейнетке шыққан ата-анасы немесе жұмыс істемейтін жасөспірімдер, оқудағы жасөспірімдер және де осы қаза болған адамның асырауында болған адамдар ғана жәрдемақы ала алады.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Орманшының туыстарына шенеуніктер марқұмның кәмелетке толмаған балалары болмаған соң қаржылай көмек көрсетілмеді деген екен. Орманшының туыстарына шенеуніктер марқұмның кәмелетке толмаған балалары болмаған соң қаржылай көмек көрсетілмегенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Информбюро» бағдарламасының мәліметінше, бір жарым жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылған ана шенеуніктердің бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді.

«Президент келген кезде айтып кетті. Барлық көмек, өмірден өткен мына орманшылардың барлық отбасына көмек көрсетілсін деді. Міне, содан бері әлі ешқандай жәрдемақы алғанымыз жоқ. Бір жарым жыл болды», – деді марқұмның анасы Дәмелі Байбазарова.

Жалғыз ұлы – орманды өрттен қорғаймын деп аттанған 14 адамның бірі. Серікжан Тоқтасын орманшы болған, үйленбеген. Жасы биыл 28-ге толар еді.

«Семей орманы» резерваты өкілдерінің мәліметінше, табиғи апаттан көз жұмған алты қызметкердің жанұясы ғана жәрдемақы алыпты. Себебі қаржылай көмектің берілу мәселесін заң аясында тек сот шешеді екен.

«Бірінші жәрдемақы сот шешімінің аясында ғана тағайындалады, яғни азаматтық кодекстің 140-бабының талаптарына сай, қаза болған адамның отбасында мүгедек болса, сонымен қатар зейнетке шыққан ата-анасы немесе жұмыс істемейтін жасөспірімдер, оқудағы жасөспірімдер және де осы қаза болған адамның асырауында болған адамдар ғана жәрдемақы ала алады», – деді «Семей-Орманы» МОТР республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Роллан Тоқтаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары