$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Температура фонында күрт өзгерістер болмайды.

«Баяу қозғалатын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын сақтайды - солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді. Елімізде 19-20 шілдеде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 14
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары