17.07.2024, 19:20

Елордада ер адам танысына 1 млн теңге несие алғызып, алдап кеткен

Фото: otyrar.kz https://inbusiness.kz/kz/last/elordada-er-adam-tanysyna-1-mln-tenge-nesie-algyzyp-aldap-ketken

Алайда оның танысы ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, хабарласпай кеткен.

Полицияға 35 жастағы елорда тұрғыны танысының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін айтып арызданған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған 1 миллион теңге төлеу шартымен ірі көлемде несие алуға көмектесемін деп уәде еткен.

Алайда оның танысы ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, хабарласпай кеткен.

Алматы аудандық полиция басқармасының полицейлері күдікті ретінде 30 жастағы ер адамды анықтаған. Ол алған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланғанын мойындаған.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.