Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Синоптиктер ертең, 18 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с, кей уақытта 18 м/с.
Алматы қ.: 19 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 19 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.