$ 494.87  520.65  4.91

«Енді аямаймын»: Жәнібек Әлімханұлы өзін келемеждеп видео түсірген боксшыға сес көрсетті

Бұл негізі адамгершілік емес.

Фото: instagram.com/toprank
Фото: instagram.com/toprank

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келемеждеп видео түсірген жаңазелендиялық боксшы Андрей Михайловичқа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді

Андрей Михайлович ауруханаға түсіп қалып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған Жәнібек Әлімханұлы туралы видео түсірген еді. Видеода Михайлович асфальтқа "Janibek" деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады. Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшының бұл әрекеті адамгершілікке жатпайтынын айтты.

"Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Ал оның ісіне, тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар, жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын", - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары