Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды.
Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы DW-ға сілтеме жасап.
Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионға Львовта, 19 шілде күні кешке Масарика көшесіндегі үйінің жанында шабуыл жасалды. Белгісіз қылмыскер оның басына оқ жаудырған. Ауыр жағдайда, бастағы оқ жарақатымен Фарион ауруханаға жатқызылды. Операциядан кейін ол терең ми комасында болып, көп ұзамай қайтыс болды.
"Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Ирина Фарионды құтқару мүмкін болмады", - деді Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий.
Геосаясат орталықтарының соқтығысуы
Қазір полиция саясаткерге қастандық жасаған қылмыскерді іздестіріп жатыр.
Сұрақ: кісі өлтіруге кім тапсырыс бере алады? Шындығында, бұл Ресей де, Батыс та, тіпті сарбаздардың украин тілін нашар білгенін сынға алғаны үшін Украина да болуы мүмкін. Украинадағы соғысқа қызығушылық танытқан және отқа отын тастай алатын Қытайды жоққа шығармайық.
Тергеу нәтижелерін күтеміз.