Бас прокуратура оқиғаның Алматы облысы, Қарасай ауданында түсірілгенін хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде қазақтың киіз үйінде жартылай жалаңаш билегендердің видеосы тарап қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бас прокуратура аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев қоғам белсенділерін «ЛГБТ» насихатына қарсы петиция қорытындысын талқылайтын жиынға белсенді қатысуға үндеген еді.
Соның бірі Самат Мұсабаевтың айтуынша, желіде таралған видеороликтің қиындысы бүкіл ұлтты, елді қорлаумен пара-пар.
Өз кезегінде Бас прокуратура оқиғаның Алматы облысы, Қарасай ауданында түсірілгенін хабарлап отыр.
«Аталған факт бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жауап берді ведомство.
Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданады.
Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейнеролик авторларының ниетін анықтау және қылмыстық құқықтың көрсетілген нормасына объективті құқықтық баға беру мүмкін еместігін жеткізді.