Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді.
Абай облысының мұғалімі испан тілді әнші Rosaliaмен бірге жаңа ән жазады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Абай ауданының мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Садуханов Eraholic лақап атымен танымал. Жақында оған әлемге әйгілі испандық әнші Розалиядан жаңа әнді бірге жазуға ұсыныс түсті.
Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен. Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады.
Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді.
Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10 сыныптарда сабақ береді. 10 жылға жуық әндерге аранжировка жазумен айналысады.