$ 498.34  519.72  4.85

Майқайыңдағы апат: Жарты жылдан кейін денесі табылған құтқарушы жерленді

Бұл туралы облыс әкімі Асайн Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Майқайыңдағы опырылып түскен кеніш түбінде алты жарым ай уақыт жатқан екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Туыстары оның Айдос Шаймерденнің мүрдесі екенін нақтылады. Бүгін, 19 шілдеде қайғылы оқиғадан алты ай өткен соң денесі табылған құтқарушы Айдос Шаймерден Павлодар облысында жерленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы облыс әкімі Асайн Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әкім құтқарушының жақындарына көңіл айтты.

«Бүгін, 19 шілде күні «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданында опырылған жердегі іздестіру жұмыстары барысында денесі табылған құтқарушы Айдос Шаймерденнің жаназасына қатыстым. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін», - деді әкім.

Облыс әкімі автобус жүргізушісінің денесін табу үшін іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. 

«Денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасымен кездестім. Жақын арада біз оны тауып, туыстарына бере аламыз деген үміттемін. Одан кейін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болдым. Онда топырақтың сырғып, құлау қаупі болғандықтан, жұмыстар тұрақты негізде аздаған үзілістермен жүргізілді. 17 маусымда сканерлеу арқылы автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін «Алтыналмас» АҚ мамандары тартылды. Зерттеу нәтижелері бойынша пайда болған шұңқырдың ең түбінен 12 метр тереңдікте автобустың болжамды орналасқан жері анықталды. Қазір шұңқырдың түбінде топырақты қайта экскавациялауды жалғастырып жатыр. Жұмыстар аса сақтықпен және барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізіліп жатыр», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары