$ 479.38  531.63  5.27

Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі. 

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Ақмола облысында Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, түгелдей сөндірді.

Төтенше жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдеді. 

“Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақтың өртенуі орын алды. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі”, – делінген хабарламада.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары