$ 480.55  533.75  5.36

Тоқаев Лаки Кесоглуді «Барыс» орденімен марапаттады

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-інің Батуми қаласында туған) — кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.

Фото: greekmos.ru
Фото: greekmos.ru

ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын» деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары