Тиісті құжат сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
АҚШ федералды сайлау комиссиясына елдің вице-президенті Камала Харристі Мемлекет басшысы лауазымына үміткер ретінде тану туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Осы хатпен біз сіздерге вице-президент Харрис енді 2024 жылғы сайлауда вице-президенттікке үміткер емес екенін хабарлаймыз. Вице-президент Харрис – қазір 2024 жылғы сайлауда Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидат және бұдан былай тек осы лауазымға ие болу үшін сайлау науқанын жүргізеді», – делінген құжатта.
Сондай-ақ, қазір президенттікке кандидаттардың өтініштеріне тиісті өзгерістер енгізіліп жатқандығы атап өтілген.