$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақша судай, Ислам дінін қабылдаған»: 17 жасында қазаққа тұрмысқа шыққан Наталья келіннің оқиғасы (ВИДЕО)

Видеодан Наталья апаның, сөзін «Бисмиллә» деп бастап,  ет асып, сорпа қайнатып жатқанын көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Тикток желісінде 17 жасында тұрмысқа шығып, нағыз қазақ келіні болып сіңісіп кеткен Украина жерінің тумасы Наталья Григорьевнаның оқиғасы көрерменнің көзайымына айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Немересінің айтуынша, әжесінің бұл оқиғасы ол үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі аларлық жағдай.

«Әжемнің есімі Наталья. Украинаның тумасы. Атама 17 жасында тұрмысқа шығып. 9 баланы өмірге әкелді. Қазақша емін-еркін сөйлеп, халқымыздың барлық салт-дәстүрін ұстанады.Ислам дінін қабылдаған. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі аларлық жағдай», - деп жазған немересі.

Видеодан Наталья апаның, сөзін «Бисмиллә» деп бастап,  ет асып, сорпа қайнатып жатқанын көруге болады.

Оның айтуынша, басында әрине қиындықтар болған.

«Бірінші жылы ол орысша, мен қазақша түсінбеймін. Сосын үйрендік. Екі ұл балам қайтты. Қазір үш қыз, төрт ұл, сонымен жеті балам бар», - дейді қазақтың келіні.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары