$ 480.55  533.75  5.36

Алматыда әйел күйеуін директор лауазымына орналастыру үшін 20 млн беріп, алданып қалған

Мегаполистегі ірі сауда орталықтарының біріне директор боп тағайындалады деген.

Фото:  ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында әйел күйеуін Алматыдағы ірі нарықтың директоры ретінде орналастыруға уәде берген алаяқтарға 20 млн теңге қаражат берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 2024 жылғы 22 шілдеде Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) бастығы Бауыржан Аленов айтты.

Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының полицейлері Қарасай ауданының тұрғынынан алаяқтық жолмен 20 миллион теңге иемденген ер адамды ұстады. Тексеру барысында алаяқ арызданушының азаматтық некедегі жұбайын мегаполистегі ірі сауда орталықтарының біріне директор лауазымына тағайындау туралы мәселені шешу сылтауымен ақша алғаны анықталды", деп жазды ол Instagram-да.

Оның айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары