Оңтүстікте ауа температурасы +38+43°С дейін көтеріледі деп күтілуде.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашын біркелкі емес таралады - елдің бір бөлігінде жаңбыр жауады, ал басқаларында +43 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде төмен атмосфералық қысым аясында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал 24-25 шілдеде батыста , 25 шілдеде республика орталығында нөсер жаңбыр болады.
Күндіз еліміздің шығысында ауа температурасы +30+35°С, оңтүстікте +38+43°С, оңтүстік-шығыста +31+37°С дейін көтеріледі деп күтілуде.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетін қалаларды атаған болатын.