ҰҚК мәліметінше, Мәсімов рақымшылық туралы өтінішін 2024 жылдың наурызында жолдаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады. Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.