$ 480.55  533.75  5.36

63 млн залал келтірген: ШҚО-да лауазымды тұлғалар сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: canva
Фото: canva

Шығыс Қазақстан облыстық соты 12 шілдеде көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нұралиев пен оның орынбасары А.Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты», — деп жазды Антикордан.

Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары