24.07.2024, 10:20

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Фото: Pixabay

Өлімнің нақты себебі анықталуда.

23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.