$ 494.87  520.65  4.91

«Нәрестенің не кінәсі бар?»: Талдықорғанда сотталған бухгалтердің бірі – жас ана

4,6 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот аяқталды.

Фото: halyk_zhurnalist.kz инстаграм парақшасынан
Фото: halyk_zhurnalist.kz инстаграм парақшасынан

Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтері 4,5 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Олардың бірі – 2 айлық баланың анасы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Талдықорғанда білім саласындағы бухгалтерлер бюджеттен 4,5 млрд теңге ұрлаған

Журналист Сандуғаш Дүйсенова нәрестенің анасына қатысты сот шешімімен келіспейтінін жазды.

Жоғарғы Соттың мәліметі бойынша, білім бөлімінің басшысы 3 жылға жуық уақыт ұрлықпен айналысқан әріптестер тобын басқарған. Оның құрамына бөлімнің 7 бухгалтері және 14 мектеп есепшісі бар.

Журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, сотталған есепшінің бірі – Дана Шәріпованың 2 айлық баласы бар. Нәресте анасының омырау сүтіне мұқтаж. 

«4,6 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот аяқталды. Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері 15 жылға бас бостандығынан айырылды! Ал баланың анасы 7 жылға сотталды! Сізде жүрек жоқ па?» - деп жазды ол. 

Айта кетейік, сотталғандардан 3 млрд теңгеден астам ақша, зергерлік бұйымдар, жылжымайтын және жылжымалы мүлік тәркіленді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары