Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.
Бүгін, 24 шілдеде таңғы уақытта Алматыдағы көшелердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда полицейлер әйелдің қайтыс болу себебін анықтауда. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша сараптама тағайындалды.
«Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда», – делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.