$ 480.55  533.75  5.36

Бүгін - Ақжол Мейірбековтің туған күні

2023 жылдың 25 қарашасында ұзаққа созылған аурудан кейін дүниеден өтті.

Осыдан 74 жыл бұрын (1950-2023) «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Ақжол Нұсқабекұлы МЕЙІРБЕКОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әнші Ақжол Мейірбеков өмірден өтті

Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы, Арыс қаласында туған. Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті бітірген; Өзбекстанның Наманган қаласындағы музыка мектебі; Ташкент ауылшаруашылық институтында агроном мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: атақты «Досмұқасан» ансамбліне қабылданды (1978); «Қазақконцерт» шығармашылық бірлестігінің мүшесі (1979); «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі (1978-1985); Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән шырқады (1985-1994); «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі және жетекшісі (1994-1996); «Ақжол» ән театрын құрды (2001); «Досмұқасан» ансамблінің солисі (2010). 2023 жылдың 25 қарашасында ұзаққа созылған аурудан кейін дүниеден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары