26.07.2024, 13:20

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Фото: www.championat.com

Шавкат Рахмонов қазіргі таңда жарақаты мен операциясынан кейін емделіп жатыр.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы британиялық Леон Эдвардс TNT Sports Youtube арнасына берген сұқбатында алдағы уақытта қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Леон Эдвардс файтер Белал Мұхаммедке қарсы кездесуі алдында сұқбат берген болатын. Сұқбат барысында журналист оның келесі жекпе-жегі туралы, Шавкат Рахмоновпен кездесуі туралы сұрады.

Бұл сұраққа Леон Эдвардс: "Мүмкін, ол келесі...", - деп жауап берді.

Айта кетейік, Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жек 27 шілдеде Манчестерде (Англия) өтеді. Шавкат Рахмонов қазіргі таңда жарақаты мен операциясынан кейін емделіп жатыр. Қазақстандық файтер күзде жұдырықтасады деп күтілуде.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов файтердік келесі кездесуі Леон Эдвардс – Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жегінің нәтижесіне байланысты болатынын айтқан еді.