$ 480.55  533.75  5.36

Бүгін Париж Олимпиадасы басталады

Олимпиаданың тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Бүгін, 26 шілде, жұма күні Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олимпиаданың тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Оны еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді. Олар – «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна».

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет іс-шара стадионда өтпейді. Барлық қатысушы елдердің делегациялары Сена өзенімен жүзеді. Барлығы 10 500 спортшы Париждің орталығын кесіп өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары