$ 480.63  535.13  5.27

Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер жарысқа шығады?

Дзюдошыларымыз Әбиба Әбужақынова, Елдос Сметов және велоспортшы Евгений Федоров бастаған спортшыларымыз бірден жүлделі орындарға таласады.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Бүгін дзюдо, бокс, спорттық гимнастика, академиялық ескек есу, теннис, оқ ату, үстел теннисі және велоспорттан спортшыларымыз сынға түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 шілде күнгі жарыс кестесі:

Дзюдо

48 кг, Әбиба Абужақынова – Сара Ришони (Израиль) 1-айналым

60 кг, Елдос Сметов – Торнике Чкадуа (Нидерланд) 1-айналым

Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады. Елімізде тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Нысана көздеу

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды. 3-4 орын қола медальді сарапқа салады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова. Ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақытымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. «Хабар» арнасы ерлер арасындағы іріктеуді көрсетеді.

Академиялық ескек есу

Іріктеу – Владислав Яковлев. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді. Жарысты ертең 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.

Спорттық гимнастика

Көпсайыс – Милад Карими, ат снаряды – Нариман Курбанов 18:30-да «Хабар» арнасы, іріктеу кезеңі.

Велоспорт

Жекелей сындағы уақытқа жарыстың финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы 18:35-те көрсетеді.

Теннис

Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Үстел теннисі

Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокс

Біздің уақытпен 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де «Хабар» арнасының эфирінде:

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары