$ 478.96  533.03  5.22

Париж Олимпиадасы: Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

60 келі салмақтағы алғашқы айналымда Сметов нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесті.

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Торнуке үш ескерту алды. Осылайша, жеңіс Елдосқа берілді.

Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі. Аталған спортшы өзбек балуанын жарыс жолынан шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары