Ол 10 метрлік қашықтықта пневматикалық винтовкамен атудан сәтті өнер көрсетті.
Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
66 келіде өнер көрсетіп жатқан қазақстаандық балуан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ан Баулды жеңіп, басты сенсацияны жасады. 1/4 финалда Ғұсман татами қожайыны Вахид Хиярмен белдеседі.
Сондай-ақ Айбек Оралбай Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Африка құрлығының үш дүркін жеңімпазы нигериялық Адам Олайтэн Олаорені айқын басымдықпен (5:0) жеңді.
Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына шықты. Ол 10 метрлік қашықтықта пневматикалық винтовкамен атудан сәтті өнер көрсетті.
Финалдық бәсеке 29 шілде өтеді.
Еске салайық, бір күн бұрын Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге аралас командалар арасындағы жарыста үшінші орын алған болатын.
Вадим Шарлаимов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады.
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық спортшы ОАР өкілі Харри Санерді 15:9 есебімен жеңіп, жарыстың 1/16 финалына шықты.
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жапониялық Кента Нишимотоға 0:2 (5:21, 11:21) есебімен есе жіберді.
Енді Дмитрий ертеңгі жарыс күнінде канадалық Брайан Янгпен кездеседі.