$ 494.87  520.65  4.91

«Төрешілер жеңісті қарсыласқа берді». Шымбергенов жеңілу себебін айтты

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы жекпе-жегін өткізген команда капитаны Асланбек Шымбергенов ұтылып қалды. Спортшы кездесуден себебін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бүгін 71 келіге дейін салмақта 1/16 финалда Иордания боксшысы Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

«Бәрі ойдағыдай болатын. Рингке шығып, қолымыздан келетіннің бәрін жасадық. Алланың қалауы сондай болып тұр екен. Көнеміз енді, не істейміз», - дейді Шымбергенов.

Ал ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та өз пікірін білдірді. 

«Төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Жеп қойды деп те айта алмаймыз, тең дәрежедегі кездесу. Бізге берсе олар да үндемес еді. Басқа жігіттерді жақсылап дайындаймыз. Асланбек барын салды, бұйырмай тұр екен», - дейді бас бапкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 8
Күлкілі 10
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары