$ 494.87  520.65  4.91

Ердоған баланың бетінен шапалақпен тартып қалды (ВИДЕО)

Соңында бала Түркия президентінен ақша алған.

Фото: : t.me/solcugazete
Фото: : t.me/solcugazete

Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның баланың бетінен шапалақпен ақырын тартып жіберген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Cumhuriyet басылымының мәліметінше, президент Режеп Тайип Ердоған Ризедегі шараға табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне барған. Балалар сахнаға бірінен кейін бірі шыққан, олардың бірі президенттің қолын сүймеген.

Telegram-дағы Solcu Gazete арнасындағы кадрларда Ердоғанның баланы ақырын шапалақпен тартып қалғаны, ұл бала қателігін түсініп, оның қол сүйіп, құшақтағанын көруге болады. Соңында бала Түркия президентінен ақша алған.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Түркияда үлкендердің қолын сүйіп, маңдайына тигізу әдетке айналған, бұл құрмет белгісі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары