$ 478.96  533.03  5.22

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды

Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.

Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz

Қазақстан тарихында жүзуден алғаш рет 2016 жылы Риода (Бразилия) Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин мен оның жұбайы Кристина 2024 жылдың 28 шілдесінде ата-ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 14:00

Фото: Instagram/dmitriy_balandin_

Баландин 2022 жылдың қыркүйегінде Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген болатын.

Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық.

Ол өзінің мансабын 2022 жылдың 21 қыркүйегінде тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары