29.07.2024, 19:00

Тағы бір теннисші кешірім сұрап Олимпиаданы аяқтады

Фото: Владислав Семенов

Әрине, мүмкіндік болды.

Теннисші Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын», - деді спортшы.

Еске салайық, Париж кортында жарысқа түскен Александр Бублик пен Александр Недовесов ұтылып қалды. Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына есе жіберді.