30.07.2024, 13:40

Баланың көзінше жыныстық қатынасқа түсумен пара-пар – Психолог Қостанайдағы оқиға жайлы

Фото: Pixabay

Баланы сақтап, қорғайтын нәрсе – сезіммен тәрбиелеу.

Психолог Серікгүл Сәли Қостанайда бес жасар қыздың сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны және күдіктілердің кәмелет жасқа толмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, психолог жасөспірімдердің мұндай қадамға баруының бірнеше себебін атады.

Бірінші себебі ақпарат құралдары арқылы сексуалды сипаттағы эротикалық видеороликтер, әртүрлі әлеуметтік желілердегі сондай ақпараттарды, көріністерді балалардың оңай ашып көре алуында.

Көргеннен кейін соған деген бір құштарлықпен жасамайды. 12-13 жастағы баланың бойында құштарлық болмайды, – дейді психолог.

Оның сөзінше олар көргенін қайталап, қызық ретінде адамның сол сәтте қандай сезімге бөленетінін білгісі келетіндіктен жасайды.

Екіншіден, балалар мұндайға не себептен барады? Ондай видеоны көрудің өзі де балалардың тәрбиесіндегі сезімнің жетіспеушілігінен болады.

Ішінде сезім бар болып тәрбиеленбеген, сезіммен өспеген бала сексуалды сипаттағы әрекеттерді жасауға қызығушылығы оянып тұрады.

Сонда баланы өзінің жасынан бұрын эротикалық қадамдарға барудан баланы сақтап, қорғайтын нәрсе – баланы сезіммен тәрбиелеу, – деді Серікгүл Сәли.

Ол баланы “сезіммен тәрбиелеу” деген кітап оқыту, әңгімелесіп, сырласу, бауырмал етіп тәрбилеу екенін айтты.

Үшінші себебі, қазіргі ересек адамдар балалардың көзінше балағат сөздерді айтып, ашық ұрсыса беруінде. Бұл баланың көзінше жыныстық қатынасқа түсумен пара-пар нәрсе.

Сондықтан баланың бойында “ұят, болмайды” деген ұғым болмайды. Баланың көзінше жыныстық қатынас жайлы сөзді айтуға тыйым салынған. Қазір ересектер осыны ескермейді, – деді психолог.

  ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Киімін шешкен»: Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталды