Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Мақаншы ауданының денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында прокуратура дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия препараттарын қолданылған.
“Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы “Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу” бойынша 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген прокуратураның хабарламасында.