Қазақстан халқы мен президент Тоқаевқа сәлем жолдаймын.
Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақстандықтарды Елдос Сметовтің жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы JENYS кәсіпқой дзюдо федерациясының ресми парақшасы жазды. Дереккөзге сүйенсек, дзюдошы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін Макрон Әлсеновпен кездесіп, Тоқаевқа сәлем жолдаған.
«Қазақстан мен оның халқын құттықтау мен үшін зор мәртебе. Қазақстан спортшысының дзюдодан алғашқы Олимпиада алтынын Францияда алғанына қуаныштымын. Қазақстан халқы мен президент Тоқаевқа сәлем жолдаймын», - деп хабарлады клуб Макронның сөзін келтіре отырып.
Айта кетейік, Елдос Сметовтің Париждегі алтын медалінен кейін оның қуанышына қалың көпшілік ортақ болды.