30.07.2024, 18:40

Әскери қызметкер 8 жасар қызын 2 жыл бойы зорлаған

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әскери қызметкер 8 жастағы өз қызына азғындық жасаған. Ол қызына істеген әрекетін ешкімге айтпауды бұйырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы адвокат Айман Омароваға жәбірленуші қызыдң анасы айтып берген.

«Арамызда 6 бала бар. Оқиғаның бәрін қызым айтып берді. Бұл жағдайды естігеннен кейін балаларымды алып ауылға кетіп қалдым. Оқиғаның бәрі Алматы облысындағы жалдап тұрған үйімізде болған», – деді келіншек.

Кәмелетке толмаған қыздың құқығын қорғаған адвокаттың сөзінше, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.