30.07.2024, 21:30

Нұрбек Оралбай австралиялық бокcшыны жарыс жолынан тайдырды (ВИДЕО)

Фото: Olympic.kz

Нұрбек жартылай финалда әзірбайжандық Мұрат Аллахвердиевпен жұдырықтасады.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.