Олимпиадада әрбір жекпе-жекке өмірдің соңғы жекпе-жегіндей шық деп ешкім ескертпеген бе?
Қоғам белсендісі, журналист, баспагер Шыңғыс Мұқан Париж олимпиадасына ел намысын қорғау үшін барған қазақ боксшыларын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол қазақстандық бокшылардың әрекеті туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Шымбергенов өз ойынын таңа алмады. Иордания спортшысының шеберлігі төмен болғанымен, жанкештілігі басым екен, әрі өзінің төбелеске ұқсас ойын әдісін өткізді. Бапкерлері де қатты қайрайды екен. Біздің бапкерлер жолдастық кездесуге келгендей селқос. Шымбергенов, неге екені белгісіз, барын салмады. Күшін сақтап бокстасты. Олимпиадада әрбір жекпе-жекке өмірдің соңғы жекпе-жегіндей шық деп ешкім ескертпеген бе?
Иордания боксшысы да мына боксымен ұзаққа бармайды», — деп жазды ол.
Еске салсақ, бұған дейін бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды.