$ 491.7  531.28  5.07

«Даудың қатысы жоқ»: Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» басшылығынан неге кетті

Бұған дейін «Алтын адам» туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын.

Фото: Incstagram/azamatc
Фото: Incstagram/azamatc

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президентті қызметінен неге кетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Иә, ол рас ақпарат. Дәл қазір Қытайда жүрмін. Осында бір жобаға шақырту алғанмын. Оған қатысу біраз уақыт алатын болып тұр. Сол себептен Қазақфильмдегі қызметімнен кету жөнінде шешім қабылдадым. Ал бұл жақтағы жобаның нақты қандай жоба екенін әзірге айта алмаймын. Әзірге конфиденциалды ақпарат. Алдағы күндері нақты ресми ақпарат шығады. Сол кезде білесіздер», – деді ол Kazinform тілшісіне.

Сондай-ақ, ол Қазақфильм басшылығынан кетуіне «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің жалақы дауының қатысы жоқ екенін айтты.

«Ол даудың бұған ешқандай қатысы жоқ. Өз еркіммен кетіп барамын», – деді актер.

Еске салсақ, бұған дейін «Алтын адам» туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын.

Кейіннен Қазақфильм аниматорлардың қордаланған айлығын төлеп беретінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары