#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда кәсіпкер мемлекеттік инспекторды сабаған

Бұйрықты орындаудан бастартқан кәсіпкер департамент инспекторына пышақпен шабуыл жасаған.

Фото: АШМ
Фото: АШМ

Алматыда қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік инспекторына пышақпен шабуыл жасалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы маусым айында департаментке келіп түскен өтініш негізінде кәсіпкерге қатысты Жер заңнамасының сақталуына тексеру жұмыстары басталған. 

«Тексеру барысында кәсіпкер А. құжатсыз учаскеде сауда павильонын орнатып, жалпы ауданы 0,0012 га мемлекеттік меншік жерін өз бетінше иеленгені анықталды. Оның негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша шара қабылданды және 21 маусымда осы павильонды бір айлық орындау мерзімімен бұзу жөнінде нұсқама берілген болатын», — делінген министрлік мәлімдемесінде. 

Бұйрықты орындаудан бастартқан кәсіпкер департамент инспекторына пышақпен шабуыл жасаған.

«Қазіргі таңда қызметкер медициналық мекемеге жатқызылды. Жәбірленушіде пышақ жарақаттары жоқ, мұрны сынған, көз айналысына зиян келген», — деп атап өтті ведомстводан. 

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын жеткізді.

«Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары