31.07.2024, 18:00

Қонаев қаласында автобуста жолаушыны пышақтап тастаған

Фото:

Мойнынан пышақпен жараланған ер адам қыздың үстіне құлап кете жаздаған.

Конаевтағы маршруттық автобуста жанжал туды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Almaty.tv жаңалықтар бөлімінің жазуынша, жолаушылардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасаған.

Видеолардың бірінде үсті қанға боялған адам көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, мойнынан пышақпен жараланған ер адам қыздың үстіне құлап кете жаздаған. Қонаев полициясының мәліметінше, шабуыл жасаған адам ұсталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қонаев полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады және полицияға жеткізді, ол қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды. Адам өлтіруге оқталу дерегі қалалық полицияда тіркелді, - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.