Үш күнге созылған іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
Түркістанда селфи жасаймын деп өзенге ағып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үш күнге созылған іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. ТЖД хабарлауынша, жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 500 метр қашықтықта, төменгі ағыс аумағынан табылған.
Жас қыз тау өзенінің бойында фотоға түсемін деп тайып жығылып, суға ағып кеткен. Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де қыз баланың достары хабарласады. Олардың айтуынша, 16 жастағы жасөспірім «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзенінде фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған. Содан суға батып кеткен.
«Құтқарушылардың жұмысын қатты ағын мен мұздай су қиындатты. Марқұмның мәйіті бүгін ғана табылды», - делінген ТЖД ақпаратында.