01.08.2024, 00:30

Алматы облысында «Қазақтелекомның» сымы үзіліп, кішкентай бала мерт болды

Фото: kursiv.media

Аталған іспен дәл қазір ішкі істер органдары айналысып жатыр.

Алматы облысы, Кеген ауданында  "Қазақтелекомның" салғырттығынан сымдардың бірі үзіліп, кішкентай бала мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған. Аталған іспен дәл қазір ішкі істер органдары айналысып жатыр.

Ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын-ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр, – делінген хабарламада.

Ал, "Қазақтелеком" АҚ ұжымы марқұм болған баланың ата-анасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтады.

"Қазақтелеком" қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір, – деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ компаниясы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  «Қазақтелекомның» басқарма құрамында Бағдат Мусиннен бөлек кімдер бар екені жарияланды

«Қазақтелеком», Air Astana қызметкерлері қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан