198 күн бойы мен соның басында жүрдім.
"Майқайыңалтында" мерт болған Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"198 күн бойы мен соның басында жүрдім. Күніне кемінде екі рет шұңқырдың басына келіп жүрдім. Сол кезде сіздердің өмірлеріңізге қауіп төнгенін өз көзіммен көрдім. Экскаваторлар бір жаққа қисайып жатқанын да көрдім. Бірақ соған қарамастан азаматтарды алып шыққандарыңыз үшін рақмет айтамын. Бірінші айда оны тірі деп ойладық. Демалып жатқан шығар деп үміт ұялаттық. Бірақ өкінішке қарай, олай болмай шықты", - дейді марқұмның әйелі.
Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болғн төртінші құтқарушының денесі табылған болатын.