Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.
Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға бүгін Семей қаласында болған. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
ТЖМ тағы да еске салады:
бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз; терезелерге блокаторларды орнатыңыз; терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз; москит торлары құлап кетуден сақтамайды.